ХАБАРЛАНДЫРУ
"Алтыналмас АК" АҚ" Оңтүстік Қарауыл-Төбе кен орнының тау-кен жұмыстарының жоспары үшін әсер етуге экологиялық рұқсат алу үшін материалдары бойынша (рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобасы, қалдықтарды басқару бағдарламасы, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары) ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қоғамдық тыңдаулар:
- 2025 ж. 18 сәуірде сағат 10:00-де ҚР, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Новоселов ауылдық округі, Қаратөбе ауылы, Жастар көшесі, 1;
- 2025 ж. 18 сәуірде сағат 15:00-де Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Жолымбет кенті, Шоқан Уәлиханов көшесі, 31 ғимараты, №2 Жолымбет орта мектебі.
Төтенше жағдай немесе шектеу шаралары енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар ZOOM платформасы бойынша бейнеконференция фоматында өтеді:
- Идентификатор: 862 9666 5600, Кіру коды: 057559 (Қаратөбе ауылы);
- Идентификатор: 891 0632 6168, Кіру коды: 716134 (Жолымбет кенті).
Жоспарланған қызметтің бастамашысы: "Алтыналмас АК" АҚ, БСН 50640000810, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Медеу ауданы, Елебеков к-сі, 10, "Venus" Бизнес-орталығы.
Әсер ету аумағы:
- ҚР, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Новоселов ауылдық округі, Қаратөбе ауылы.
Жер қойнауы учаскесінің бұрыштық нүктелерінің координаттары:
нүктенің №
Географиялық координаттары
Солтүстік ендік
Шығыс бойлық
1
51° 47ˈ 00ˈˈ
71° 50ˈ 00ˈˈ
2
51° 45ˈ 00ˈˈ
71° 50ˈ 00ˈˈ
3
51° 45ˈ 00ˈˈ
71° 51ˈ 00ˈˈ
4
51° 47ˈ 00ˈˈ
71° 51ˈ 00ˈˈ
Жобалық құжаттаманы әзірлеуші: «KazEcoProfit» ЖШС, БСН 110540014337, Астана қ., Есіл ауданы, Достык көшесі, 20, 1301 кеңсе, тел: 8-7172-72-51-74.
Жергілікті атқарушы орган: «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ.
Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын материалдармен, содан кейін жарияланған қоғамдық тыңдаулар хаттамасымен бірыңғай экологиялық порталда танысуға болады http://www.ecoportal.kz, сондай-ақ «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ сайтында.
Барлық ескертулер мен ұсыныстар бірыңғай экологиялық порталда қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады.
Қосымша ақпаратты электрондық пошта арқылы алуға болады: minura.kamysova@mail.ru.