В РАМКАХ АКЦИИ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» В СЕЛЬСКОМ ОКРУГЕ КАБАНБАЙ БАТЫРА ПРОШЕЛ СУББОТНИК

В РАМКАХ АКЦИИ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» В СЕЛЬСКОМ ОКРУГЕ КАБАНБАЙ БАТЫРА ПРОШЕЛ СУББОТНИК

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қабанбай батыр ауылдық округінде кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Асқар Нұртазин қатысты.

Сенбілікке мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, аудандық мәдениет үйінің, Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің, Мансаптық орталықтың өкілдері, сондай-ақ Қабанбай батыр ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері белсенді қатысты.

Акция барысында ауыл ішіндегі аумақтар мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Табиғатты аялауға бағытталған сенбілік — ауыл тұрғындарына экологиялық тәрбие беруді, қоршаған ортаны таза ұстауға үндеуді мақсат етті.

Шара аясында қатысушылар Қаракерей Қабанбай батыр кесенесіне арнайы барып, зиярат жасап, батыр баба рухына тағзым етті. Бұл — өскелең ұрпаққа рухани тәрбие берудің жарқын көрінісі болды.

«Таза Қазақстан - біздің ортақ жауапкершілігіміз!» ұранымен өткен сенбілік - табиғатқа деген құрмет пен отансүйгіштіктің үлгісі ретінде жоғары деңгейде өтті.