2025 жылы өтетін ауыл шаруашылығы санағы туралы

2025 жылы өтетін ауыл шаруашылығы санағы туралы

Мемлекет басшысының 2025 жылғы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес ҚР Үкіметінің «2025 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы» 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1248 Қаулысы қабылданды.

Санақ субъектілері:

- мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және балық шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда, заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, дара кәсіпкерлер;

- жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелері бар және/немесе ауыл шаруашылығы жануарлары бар үй шаруашылықтары.

Санақ объектілері:

- жер және егіс алаңы;

- ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының саны;

- ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары;

- мал шаруашылығы кешендері мен құс фабрикалары;

- ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарына арналған өндірістік ғимараттар мен үй-жайлар;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған құрылыстар.

Санақ өткізілу реті.

Ауыл шаруашылығы санағы жүргізіледі:

- 2025 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейін 30 күн ішінде арнайы веб-порталда өзін-өзі толтыру әдісімен;

- сауалнаманы толтырмағандардың тізімін жасау үшін 20 күн ішінде одан әрі өңдеу жүргізіледі.

- санақ 2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазан 30 күн аралығында, санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен және планшеттерді қолданумен жүргізіледі.

Тартылған кадрлар:

Аудан бойынша 2025 жылдың 1 маусымынан бастап 14 адам нұсқаушы және 54 интервьюер жұмысқа тарту жоспарлануда.

Еңбекақы сомасы:

- жоғары білімі бар нұсқаушы С-2 санаты және 25 жылдан астам еңбек өтілі 188048,32 тг.;

- орта техникалық білімі бар С-3 санаты және 25 жылдан астам еңбек өтілі бар жалақысы - 143274,91 тг.

- интервьюерлер барлық кезең үшін төлем 30 күн 185 366 тг. құрайды.