9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Целиноград ауданы Тасты ауылында 149 көше жарықтандыру шамдарын орнату жұмыстары аяқталды.
Ахмет Байтұрсынов, Сейітқали Ниязбеков, Мұхтар Әуезов, Сарыарқа, Алаш көшелерінде, сондай-ақ Береке және Бірлік тұйық көшелерінде жарық және қауіпсіз болды.
Оның ішінде 130 шам «АЭҮК» АҚ – ның қолданыстағы электрмен жабдықтау тіректеріне бірлескен аспа әдісімен орнатылды, 19 шам - жаңа темірбетон тіректерге орнатылды.
Жұмыстарды «КИПЭСТ» ЖШС мердігерлік ұйымы толық көлемде және белгіленген мерзімдерге сәйкес орындады. Жаңа сыртқы жарықтандыру желісінің жалпы ұзындығы 4500 метрді құрады.
Айта кетейік, 2024 жылдың желтоқсанында Жаңа 2025 жыл қарсаңында Тасты ауылында Бауыржан Момышұлы мен Сәкен Сейфуллин көшелеріне 30 шам орнатылды.
Осылайша, соңғы айларда Тасты ауылында кешенді абаттандыру аясында барлығы 179 шам орнатылды.
Көше жарығы қауіпсіздік деңгейіне оң әсер етеді, апаттылықты азайтады және ауыл тұрғындарына, әсіресе күзгі-қысқы кезеңде өмір сүруге қолайлы жағдай жасайды.
Целиноград ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі