Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы тыл ардагері Семченко Зинаида Петровнаны арнайы барып құттықтап, соғыс жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін алғысын білдірді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Зинаида Петровнаға «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медалі салтанатты түрде табысталды.
Кездесу барысында аудан басшысы Зинаида Петровнаға қиын-қыстау кезеңде көрсеткен табандылығы мен еңбегі үшін шынайы ризашылығын білдіріп, оның өмір жолы бүгінгі және болашақ ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.
Зинаида Петровна 1929 жылы 15 сәуірде дүниеге келген. Ол еңбек жолын ерте бастап, 14 жасынан бастап түрлі жұмыстарға араласқан. Теміржол техникумын бітіргеннен кейін көп жылдар бойы Приречный ауыл дүкенінде сатушы болып жұмыс істеген. Өмір бойы туған ауылында тұрып, елдің дамуына өз үлесін қосқан.
Көпжылдық адал еңбегі үшін Зинаида Петровна «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» мерейтойлық медалімен, түрлі Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталған. 2017 жылы оған ресми түрде тыл ардагері мәртебесі берілді.
Зинаида Петровна — екі ұл мен бір қыздың анасы, бес немеренің және бес шөберенің сүйікті әжесі. Ол — қайсарлық пен еңбекқорлықтың, қарапайымдылық пен даналықтың символы ретінде танымал.
#9мамыр #9мая #80летВеликойПобеде #ҰлыЖеңіске80Жыл #Целиноградауданы #тылеңбеккерлер #труженикитыла