Целиноград ауданы: тыл еңбеккерлеріне, соғыс балаларына және Отан қорғаушыларына құрмет

Целиноград ауданы: тыл еңбеккерлеріне, соғыс балаларына және Отан қорғаушыларына құрмет

Жеңіс күні — ең алдымен ерлікпен қаза тапқандарды еске алу, аталарымыз бен әжелеріміздің ерлігін мойындау күні. Олар Отанның тәуелсіздігі мен бостандығын орасан зор күш-жігермен және жанқиярлықпен қорғап қалды.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы тағы бір мәрте еске салады: өткенге құрметсіз — болашақ жарқын да бейбіт бола алмайды.

2025 жылдың 6 мамырында Целиноград ауданында тыл еңбеккерлері мен соғыс балаларына арналған салтанатты іс-шара өтті. Олар — соғыс жылдары егіс даласында, зауыттарда аянбай еңбек етіп, майданды қамтамасыз еткен, елді қалпына келтіріп, ұрпақ тәрбиелеген жандар.

Бүгінде ауданда 53 тыл еңбеккері тұрады — олардың әрқайсысы тарихтың тірі куәсі, қайсарлықтың, еңбекқорлықтың және шынайы патриотизмнің үлгісі.

Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы осы айтулы мерекеде бірқатар тыл ардагерді «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» атты мерейтойлық медальдармен марапаттап, шын жүректен құттықтады. Бұл — олардың Жеңіске қосқан баға жетпес үлесіне мемлекет тарапынан берілген жоғары бағасы.

«Бүгін біз Сіздерді жай ғана сол кезеңнің куәсі ретінде емес, бейбіт аспан астында өмір сүруімізге себепкер болған қаһармандар ретінде құрметтейміз. Сіздер — тарихпен тікелей байланысымыз, мақтанышымыз және тірегіміз», — деді аудан әкімі өз сөзінде.

Сол күні Отан қорғаушылары да ерекше ілтипатқа ие болды — әскери қақтығыстар мен бітімгерлік миссияларға қатысқан Қарулы күштердің ардагерлері, құқық қорғау органдарының ардагерлері, 44813 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, азаматтық қорғаныс өкілдері. Олар елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға сүбелі үлес қосқан.

Оларға патриоттық рухы мен адал қызметі үшін аудан әкімінің атынан құрмет белгілері мен алғыс хаттар табысталды.

Тыл еңбеккерлері, соғыс балалары мен ардагерлер — сіздерге шексіз алғысымызды білдіреміз!

Сіздер — ешқашан ұмытылмайтын нағыз батырларсыздар.

Майданнан оралмаған жауынгерлерге және осы мерекеге жете алмағандарға — мәңгілік тағзым.

Біздің ортақ парызымыз — Ұлы Отан соғысының тарихи ақиқатын сақтау және оны жас ұрпаққа жеткізу.

Олар бейбіт өмірдің қандай құрбандықпен келгенін білуі және ата-бабаларымен мақтан тұтуы тиіс.

Жеңіс күні құтты болсын! Сіздерге бас иеміз!

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Целиноград ауданының әкімдігі (@selinograd_audanynyn_akimdigi)