Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлын Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлын Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Құрметті Целиноград ауданының тұрғындары!

Сіздерді мемлекеттік мереке — Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы атап өтіліп жатқан биылғы жылы бұл мереке біздің өмірімізде ерекше орын алады. Бұл — Қазақстан жерінде тұратын барлық ұлт пен ұлыстың достығы мен бірлігінің символы. Бірлік пен өзара құрмет — еліміздің егемендігін нығайтып, тұрақты дамудың жолын ашатын негізгі құндылықтар.

Барлық этностардың бірлігі мен келісіміне негізделген қазақстандық жол бүгінде ұлттық табыстың жарқын үлгісіне айналды. Бұл, сөзсіз, барша қазақстандықтардың тынымсыз еңбегі мен мызғымас ауызбіршілігінің нәтижесі.

Біздің ауданымыз да өзінің көпұлтты құрамымен мақтанады және сенім мен ынтымақтастықтың арқасында игі істер мен жасампаз бастамалар жүзеге асып жатқандығының айқын үлгісі. Аудан тұрғындарының бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Қымбатты жерлестер!

Бұл күн әрқайсымызға тату көршілік, төзімділік пен өзара түсіністіктің маңыздылығын еске салсын. Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақ-береке, бейбіт өмір мен келісім тілеймін! Әр күніңіз қуанышқа, бір-біріңізге деген сыйластыққа және туған еліміз үшін мақтаныш сезіміне толы болсын!