«Таза Қазақстан»: Целиноград ауданында «Таза бейсенбі» акциясы өтті

«Таза Қазақстан»: Целиноград ауданында «Таза бейсенбі» акциясы өтті

21 сәуірден бастап Целиноград ауданының елді мекендерін санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша дәстүрлі көктем айлығы басталды. Осы айлықтың аясында «Таза бейсенбі» акциялары мен сенбіліктерді өткізу дәстүрге айналды. 

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Целиноград ауданының елді мекендерінде жалпы аудандық «Таза бейсенбі» сенбілігі өтті.

Іс-шараға меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің өкілдері қатысты. Акция барысында іргелес аумақтарды абаттандыру, ұсақ тұрмыстық қоқыстарды жинау, жолдың жүріс бөлігінің бойындағы қоқыстарды жинау, тазарту және шығару, объектілердің көгалдары мен қасбеттерін ретке келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді. 

Бұл күні Целиноград ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың басшылары мен мамандарымен бірге Ақмол ауылындағы «Таза бейсенбі» акциясына қатысты.

Барлық қамқор тұрғындарға ауданға қамқорлық жасап үлес қосқандары үшін алғыс айтамыз және бар күш-қуатымыз бен мүмкіндіктерімізге қарай бейсенбілік және сенбілік экологиялық акцияларына қатысуға шақырамыз, осылайша біз әрқашан әдемі, таза, жайлы және ұқыпты боламыз. Бей-жай қарамайтын тұрғындардың белсенді жұмысының арқасында біздің аудан үнемі тазалықта болады.