Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы жұмыс сапарымен Қызылсуат ауылына барды

Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы жұмыс сапарымен Қызылсуат ауылына барды

Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы аудан прокуроры Мұрат Ахимовпен бірге Қызылсуат ауылына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған инвестициялық жобалардың іске асу барысымен танысты.

Сапар аясында ерекше назар аударылған нысандардың бірі - тарих пен мәдениет саласындағы шығармашылық және ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын «Тархан» жеке кәсіпкерлігі болды. Кәсіпорын басшысы – Ахметжан Қалиолла Саматұлы, КСРО Көркем өнер академиясының И.Е. Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтының түлегі. Ол тек көркем суреттер салып қана қоймай, қазақ халқының тарихи қару-жарағы мен қорғаныс жабдықтарын нақты өлшемде жасап шығарады. Ахметжан Қалиолла – қазақ жауынгерлік өнері мен қару-жарағы тарихына арналған 150-ден астам ғылыми еңбектің және 7 кітаптың авторы. Оның туындылары республикалық және халықаралық көрмелерге қатысқан, Қазақстан мен шетелдегі музейлер мен жеке коллекцияларда сақталған.

Сондай-ақ, аудан әкімі желдеткіш құбырлар, фасонды бөлшектер мен корпустық жиһаз өндіретін жергілікті кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Кәсіпорын басшылары қазіргі жағдай, кеңейту жоспарлары мен инфрақұрылымға байланысты мәселелер туралы баяндады.

Кездесулер барысында инженерлік инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және жергілікті билік пен бизнес арасындағы тиімді өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Дарын Сабырғалиұлы ауылдың тұрақты дамуы мен тұрғындардың өмір сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сапар қорытындысы бойынша аудан әкімі тиісті бөлімдерге инвестициялық жобаларды жедел іске асыруға, анықталған мәселелерді шешуге және жергілікті бастамаларды қолдауға бағытталған нақты тапсырмалар берді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Целиноград Медиа Орталығы (@selinograd_media_ortalygy)