Целиноград ауданында «Кітап – әлем – ғажайып әлем» атты дөңгелек үстел өтті

Целиноград ауданында «Кітап – әлем – ғажайып әлем» атты дөңгелек үстел өтті

Целиноград ауданының аудандық кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай «Кітап – әлем – ғажайып әлем» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – кітапты білім, рухани даму және мәдени мұра көзі ретінде насихаттау.

Дөңгелек үстелге мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, аудандық Мәдениет үйінің, Тілдерді оқыту орталығының өкілдері, сондай-ақ «Жұлдыз» балабақшасының педагогтері қатысты. Қатысушылар кітаптың тұлғаны қалыптастырудағы рөлі туралы ой бөлісіп, балалар мен жастарды оқуға баулу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, білім беру және мәдениет мекемелерінде оқу мәдениетін дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылды.

Кітаптың – өмірлік жолдағы сенімді серік, білімге бастар жол екенін атап өткен қатысушылар сүйікті шығармаларынан үзінді оқып, өлең жолдарын да ұсынды. Кітапхана қорындағы жаңа әдебиеттерге, әдеби шығармаларға шолу жасалған болатын.

Іс-шара жылы да шабытты атмосферада өтіп, барлық қатысушыларды ғажайыптарға толы әлемге жетелейтін кітаптың құндылығын ұғынуға үндеді.