Целиноград ауданы тұрғындарының назарына!

Целиноград ауданы тұрғындарының назарына!

🟢Құрметті Целиноград ауданының тұрғындары!                         

📣2025 жылғы 21 сәуір мен 30 мамыр аралығында Целиноград ауданының елді мекендерін санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру көктемгі айлығы өткізіледі.

✔Айлық тазалық кезінде жеке тұлғалар, барлық кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер аумақтарын жинау, санитарлық күтіп ұстау, үйлердің, ғимараттардың және павильондардың қасбеттерін жуып, әктеп-сырлау жұмыстарын ұйымдастырулары қажет.

✔Қоқысты үйіп қоюға, жерге көмуге, іргелес аумақтарға жинауға және аумағын ластауға жол берілмейді.

✔Барлық тұрғындарды белсенділік танытып, ауданың тазалығы мен абаттандырылуына өз үлесін қосуға шақырамыз. Таза аудан өзімізден басталатынын ұмытпайық!