2025 жылғы 17–20 сәуір күндер аралығында Астана қаласында «ҚазУТБ Кубогы» үшін жасөспірімдер мен кіші жасөспірімдер арасында бокстан IV республикалық турнирі өтті. Аталған жарысқа Целиноград балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары қатысып, аудан намысын абыроймен қорғады.
Турнир қорытындысы бойынша біздің боксшылар 4 алтын, 2 күміс және 6 қола медаль жеңіп алып, жақсы нәтижелер көрсетті.
Сонымен қатар, «Talapker» командасы жалпыкомандалық есепте 4-орынды иеленді!
Жарыс барысында оқушыларға жетекшілік еткен бокс спорт түрінен жаттықтырушы-оқытушыларын және де спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Сондай-ақ, спортшыларымызға алдағы жарыстарда жаңа белестерді бағындыруды, жоғары жетістіктерге жетуді тілейміз!