Целиноград ауданы Жалғызқұдық ауылында жаңа спорт залы ашылды

Целиноград ауданы Жалғызқұдық ауылында жаңа спорт залы ашылды

Жарлыкөл ауылдық округінің Жалғызқұдық ауылында «Батыр боламын» жобасы аясында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен спорт залы ашылды.

Жаңа спорт нысанында тілек білдірген балалар мен жастар білікті жаттықтырушылардың жетекшілігімен джиу-джитсу және гір спортымен айналысатын болады. Сонымен қатар, спорт залы бокс, күрес, үстел теннисі және басқа да спорт түрлеріне арналған барлық қажетті құралдармен және жабдықтармен толық жабдықталған.

«Батыр боламын» жобасы еліміздің шалғай елді мекендерінде қолжетімді спорт инфрақұрылымын құруға бағытталған. 8 жыл ішінде бұл бастама жүздеген балаларға салауатты өмір салтын ұстануға және спорт әлеміне алғашқы қадамдарын жасауға көмектесті.