Көкшетау қаласында «Тәуелсіздік» алаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде

Көкшетау қаласында «Тәуелсіздік» алаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде

Бүгін Көкшетау қаласында «Тәуелсіздік» алаңында өтіп жатқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Целиноград ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 6 тоннадан астам түрлі өнім әкелді.

Аршалы, Атбасар, Астрахан, Егіндікөл, Есіл, Ерейментау, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын, Целиноград аудандарының, Көкшетау және Қосшы қалаларының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және «Кokshe ӘКК ҰК» АҚ өздерінің өндірілген және өсірілген өнімдерін, атап айтқанда ет және шұжық өнімдері, жас балық, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдері, ұн, картоп, көкөністер және басқа да өнімдерді сатуға әкелді.

Жәрмеңкеге әкелінген ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы қатаң бақыланады. Атап айтқанда, ет өнімдері арнайы сараптамадан өтеді. Тауарларды сату нарық бағасынан 10-15% төмен жүзеге асырылды. Жәрмеңке барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.