ҚР Қылмыстық кодексінің 170 және 172-баптарының ережелерін түсіндіру туралы

ҚР Қылмыстық кодексінің 170 және 172-баптарының ережелерін түсіндіру туралы

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Қазақстан Республикасының Конституциясының 8-бабына сәйкес, мемлекет халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық және тату көршілік, олардың теңдігі, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу, бірінші болып қарулы күш қолданудан бас тарту саясатын жүргізеді.

Дегенмен, күрделі геосаяси жағдайды пайдаланып, кейбір адамдар шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысу арқылы пайда табуға тырысуда.

Осыған байланысты Ақмола облысының прокуратурасы ескертеді: Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қарулы қақтығыстарға қатысу – қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын әрекет. ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабына сәйкес, мұндай іс-әрекеттер үшін бес жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ, жалдамалыларды тарту, оқыту, қаржыландыру, материалдық қамтамасыз ету немесе оларды қарулы қақтығыстарда пайдалану ҚР ҚК-нің 170-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке жатады. Бұл әрекеттер үшін жеті жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қарулы қақтығыстарға қатысу өмірге, денсаулыққа және психологиялық жағдайға тікелей қауіп төндіреді.

Азаматтарды заңдарды бұлжытпай сақтауға, арандатушылыққа ермеуге, кез келген қарулы қақтығыстарға қатысудан бас тартуға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.

#Заң_мен_тәртіп

 

Ақмола облысының прокуратурасы