Целиноград ауданында Нұра және Есіл өзендерінде жарылыс жұмыстары жүргізілді

Целиноград ауданында Нұра және Есіл өзендерінде жарылыс жұмыстары жүргізілді

Ақмола облысында су тасқынына қарсы күшейтілген іс-шаралар жалғасуда. Су тасқынының алдын алу жұмыстары аясында мамандар өзендердегі мұз кептелістерінің алдын алу үшін Целиноград ауданында жарылыс жұмыстарын жүргізді.

2025 жылғы 17-20 наурыз аралығында Нұра өзені арнасы бойынша 5 учаскеде Рахымжан Қошқарбаев, Қабанбай батыр, Шалқар, Оразақ ауылдық округтері және Тайтөбе (Қосшы қ.) ауылының аумағында, сондай-ақ Есіл өзені учаскесінде Ақмешіт және Родина ауылдары арасында жарылыс жұмыстары жүргізілді.

Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты кептелістерді азайту және су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде тасқын сулардың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін мұзды қопсыту және ұсақтау болды.

«Explosion Solutions», «Agena build company» және «KMD HOLDING» ЖШС мердігерлік ұйымдары 836 кг жарылғыш материалдар жұмсады, 4042 м2 алаңда 418 ойық бұрғыланды. Жұмыстар аяқталды.

Бүгінгі таңда өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда қалып отыр. Азаматтық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың мамандары су деңгейінің, мұз жағдайының мониторингін жалғастыруда және аумақтарды су тасқынынан қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Жағдай нашарлаған жағдайда қосымша ресурстар тартылатын болады.