Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылдық округінің жаңа сайланған әкімі жергілікті қоғамдастыққа таныстырылды

Целиноград ауданы Жаңаесіл ауылдық округінің жаңа сайланған әкімі жергілікті қоғамдастыққа таныстырылды

Целиноград ауданында 19 қаңтарда Жаңаесіл ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауы өтті.

Сайлау қорытындысы бойынша Жаңаесіл ауылдық округінің әкімі болып Жанатаев Айтпай Ильич сайланды.

2025 жылғы 20 қаңтарда Жанатаев Айтпай Ильич Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен Жаңаесіл ауылдық округінің әкімі ретінде тіркелді.

Целиноград ауданы әкімі аппаратының басшысы Даулет Даут ауылдық округ активіне сайланған әкімді таныстырып, алдағы жұмысына табыс тіледі.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Әсел Айтқожина Жаңаесіл ауылдық округінің әкіміне қызметтік куәлік тапсырды.