2024 жылдың 09-14 желтоқсан аралығында Жақсы ауданында, бокстан 2009-2010ж.т. жасөспірімдер мен 2011-2012,2013-2014 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында «мамандандырылған Жаксы БЖСМ» КММ жүлдесіне арналған V ашық турнирі өтті.
Турнир қорытындысы бойынша Целиноград балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жас боксшылары өздерінің қоржындарын тоғыз медальмен толықтырды, оның ішінде екі алтын, бір күміс және 6 қола.
Турнирдің чемпиондары Төлепберген Нұрасыл мен Садық Нұрислам болды.
Күміс медаль Дәлелғазы Нұрасыл жеңіп алды.
Қола жүлдегерлер Серғазы Бекнұр, Бейбіт Азамат, Шермухамбет Нурали, Ускин Алихан, Әлібек Нұргелді, Ускин Дияр атанды.
Сонымен қатар БЖСМ спортшысы Садық Нұрислам жарыстың «Үздік техника» ал Мақсұт Айдос «Үздік төреші» кубогымен марапатталды.
БЖСМ оқытушы-жаттықтырушылары Масабаев Мирас Шоқанұлына алғыс білдіреміз!