Жаңа оқу жылына арналған мектеп формасы

Жаңа оқу жылына арналған мектеп формасы

 АТА-АНАЛАР мен ОҚУШЫЛАР НАЗАРЫНА

Жаңа оқу жылына арналған мектеп формасы

Мектеп формасына қойылатын талаптар

Ата-аналар және басқа заңды өкілдерінің міндеттері:

- білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға (“Білім туралы” ҚР Заңының 49-бабы, Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 “Білім беру туралы. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы“)

- білім беру ұйымында белгіленген бірыңғай киім үлгісін сақтауға міндетті (Мектеп Жарғысы, Мектептің ішкі тәртіп ережелері).

Қыздарға арналған мектеп формасы:

- қара-көк түсті классикалық үлгіде костюм (пиджак, жилет, белдемше, шалбар, ақ және көгілдір түсті блузкалар; қыста водолазка мен түймелері бар кардиганды ауыстыра аласыз)

 Ер балаларға арналған мектеп формасы:

- қара-көк түсті классикалық үлгідегі костюм (пиджак, жилет, тобықты жауып тұратын шалбар, ақ және көгілдір жейделер);

- мектеп формасы діни конфессияның элементтерін қамтымауы керек (тақия,қысқа шалбар және т.б.);

- аяқ киім - классикалық үлгіде аяқ киім (қыста ауыстырылатын аяқ киім), дене шынықтыру сабақтарында - кедалар мен кроссовкалар.