4-7 шілде аралығында Астана қаласында садақ атудан юниорлар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Чемпионатқа еліміздің түрлі өңірлерінен, соның ішінде Астана, Алматы, Шымкент, Жетісу, Батыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Қарағанды, Түркістан және Ақмола облыстарынан 200-ден астам спортшы қатысты.
Ақмола облысының командасы Жетісу облысының командасынан кейін екінші жалпы командалық орынға ие болды. Жарыс «QAZAQSTAN» жеңілатлетикалық кешенінде өтті.
Жарысты қорытындылай келе, Ақмола облысының қоржынында 10 медаль бар: төрт алтын, бес күміс және бір қола медаль.
«Олимпиада шеңбері» жаттығуында:
«Классикалық садақ»
2 орынды Әбдрашит Томирис пен Заемова Мадина иеленді
3 орынды Жумагулова Самира иеленді.
«Блокты садақ»:
Тютюн Андрей Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
«Блокты садақ» (команда)
Қазақстан Республикасының чемпиондары Вебер Рудольф, Тютюн Андрей және Майкибаев Рахымбек болды.
«Классикалық садақ» (команда)
Чемпиондар қатарында Жумагулова Самира, Яхина Аяжан және Әбдрашит Томиристен құралған қыздар командасы болды.
Күміс медальдарды Яхина Аяжан, Нұрмағұл Алтынай және Заемова Мадина құрамында жасөспірімдер командасы жеңіп алды.
Сондай-ақ, жасөспірімдер Майкибаев Райымбек, Тұяқ Әлихан және Сағындық Әмірден құралған команда күміс медальдарға ие болды.
«Микс» жаттығуда:
«Блокты садақ» (жасөспірімдер):
Неженко Елена мен Тютюн Андрей чемпион атанды.
«Классикалық садақ» (жастар):
Екінші орынды Жумагулова Самира мен Тұяқ Әлихан иеленді.
Чемпиондар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ олардың жаттықтырушыларын құттықтаймыз.