Әкелер күнімен құттықтау

Әкелер күнімен құттықтау

ӘКЕЛЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Елімізде былтырдан бастап маусым айының үшінші жексенбісі  «Әкелер күні» мерекесі болып аталып өтілуде.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Халқымыз қай заманда да отбасы дәстүрін берік ұстанып, қадірлей білген. Әке-шешесінің, ата-әжесінің тәрбиесін көріп, үлкендерден тағылым алып өскен бала есейгенде отан­шыл, білімпаз, еңбекқор азаматқа айналады», дегені белгілі. Халқымыздың «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөзінің мәні де осында болса керек. Ұлтты түзеу үшін отбасындағы тәрбиені түзеу керек десек, отбасында әкенің ролі маңызды.

Бұл мереке Қазақстандағы отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал етеді.  Жүз мектеп бере алмайтын тәрбиені бойға сіңіріп, таудан биік талапты болуды үйрететін асқар таудың жөні дара екені даусыз.

Баршаңызды Әкелер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Әкелеріміз аман болсын!