200-ДЕН АСТАМ МАМАНДЫ «KITAP SHAKHARY-2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРЫ ЖИНАДЫ

200-ДЕН АСТАМ МАМАНДЫ «KITAP SHAKHARY-2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРЫ ЖИНАДЫ

Бүгін ҚР ОАМ республикалық ғылыми-практикалық кітапханасының ұйымдастыруымен колледж кітапханашыларына арналған «Kitap Shakhary-2024» республикалық семинары өз жұмысын бастады.

Іс - шара 2024 жылғы 23-24 мамырда Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары Қазақ педагогикалық колледжінің базасында өтеді.

Семинар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханаларының қорын толықтыру, жұмыс сапасын жақсарту, шығармашылық  күш-қуатын арттыру және республикалық колледждер кітапханашыларының кәсібилігін көтеру, ақпараттық-байланыс технологияларын жетілдіру, заманауи оқырман талабына сай сапалы қызмет көрсету және ақпараттық медианы дамыту жолдарын көрсетуге бағытталған.

Республикалық семинарға министрліктің өкілдері, Қазақстандық баспалардың мамандары, РҒПК қызметкерлері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының облыстық білім басқармаларының мамандары және колледж кітапханашылары қатысады.

Семинар жұмысы пленарлық отырыстан басталды. Содан кейін қатысушылар бірнеше секцияға бөлінді. Сондай-ақ, колледждің фойесінде қатысушылар көрмедегі баспалардың өнімдерімен танысып, өздеріне ұнайтын кітаптарды сатып ала алады.

«Осы іс-шараны ұйымдастыра отырып, колледж кітапханаларының қорын сапалы толықтыру, инновациялық жұмыс тәжірибелерімен алмасу және оларды жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кітапханаларының қызметін одан әрі жетілдіруге, оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыруға септігін тигізетін нақты ұсынымдар қабылдау қажет», - деп бөлісті ұйымдастырушылар.