Ақмола облысының 82 мектебі «1000 мектепті қолдау» республикалық жобасына қатысты

Ақмола облысының 82 мектебі «1000 мектепті қолдау» республикалық жобасына қатысты

2024 жылғы 22 мамырда Бурабай ауданы Щучинск қаласының № 7 мектеп-лицейінде облыстың 82 мектебінің «1000 мектепті қолдау» республикалық жобасына қатысу қорытындысы бойынша «Мектепішілік бақылау: табысты тәжірибе практикасы» тақырыбында облыстық конференция өткізілді.

Іс-шараға аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, мектеп директорлары, директордың оқу жөніндегі орынбасарлары, жоба тәлімгерлері қатысты.

Конференция ҚР Оқу-ағарту министрлігінің білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары М.Т. Мелдебекованың құттықтау сөзімен басталды.

Конференция барысында «Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ басшысы Л.С. Құрманғалиева өз баяндамасында жобаны іске асыруға 13 қалалық, 69 ауылдық мектептер қатысқандығын атап өтті. Мектептер оқу жылы бойы тәлімгердің сүйемелдеуімен қамтамасыз етілді. Жобаны жүзеге асыруда әр мектеппен жеке жұмыс істеген тәлімгерлерге үлкен жауапкершілік міндеттелді. Жобаның жүзеге асырылуы туралы Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің әдіскері Н. Шайтекей, «Қоянды ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі” КММ директоры М.Савилхан, Щучинск қаласының № 7 мектеп-лицейі директорының орынбасары З.С.Шакиева, Шортанды ауданы Новокубан орта мектебі директорының оқу работе жөніндегі орынбасары Еженхан М. баяндамаларында қиындықтар мен оны шешу жолдары, қол жеткізген жетістіктері туралы ой бөлісті.

Конференцияның пленарлық бөлімінен соң білім басқармасының әдістемелік орталығының сертификаттарымен оқу жұмысы бойынша үздік орынбасарларды марапаттау салтанаты өткізілді, әр мектеп ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің сертификатымен марапатталды, сондай-ақ республикалық жобаның 10 тәлімгерінің жұмысы атап өтілді.

Қатысушылар жұмысты жалғастыру қажет екендігі туралы, осы бағыттағы жұмыс түрі білім алмасуға, қиын мәселелерді бірлесіп шешуге және тәлімгерден қажетті әдістемелік көмек алуға мүмкіндік береді деген пікір білдірді.