Шектеу талаптары алкоголь өнімдерін сату кезінде

Шектеу талаптары алкоголь өнімдерін сату кезінде

Статистика көрсеткендей, біздің облыстағы қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың басым көпшілігі мас күйінде адамдар жасаған. Олардың көпшілігі өздерінің қатыгездігімен таң қалдырады.

Бұл мәселені тек заңнамалық шаралармен шешу жеткіліксіз екенін және кәсіпкерлердің де, жеке тұлғалардың да заңды мінез-құлқына байланысты екенін түсіну маңызды.

Естеріңізге сала кетейік, 21 жасқа дейінгі адамдарға, сондай-ақ мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінде, жолаушылар тасымалдайтын теңіз көлігі кемелерінде, жолаушылар пойыздарының вагон-мейрамханаларында өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн бөлшек саудада сатуға тыйым салынды.

Алкогольді сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн және этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзуге тыйым салынады.

Алкоголь өнімін сату кезінде алкоголь өнімін сатуды жүзеге асыратын тұлғалар сатып алушының 21 жасқа толуына күмән туындаған жағдайда жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуді талап етуге, ал ол болмаған кезде – сатудан бас тартуға міндетті.

Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабында лицензияның қолданылуын тоқтата тұра отырып, жеке тұлғаларға 10, кәсіпкерлік субъектілеріне 120 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілік көзделген.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға 20, кәсіпкерлік субъектілеріне 180 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жауаптылыққа әкеп соғады.

Айта кету керек, Қазақстан аумағында алкогольді сату лицензияланатын қызмет түрлеріне жатады.

Тиісті лицензиясыз осындай қызметпен айналысу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша жеке тұлғаларға 15, кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК дейін айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірісті (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған көрсетілген әрекеттер жеке тұлғаларға 30, кәсіпкерлік субъектілеріне 500 АЕК дейін айыппұл салуға, , ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық нәтижесінде алынған кiрiстi (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.

Қазіргі уақытта алкоголь өнімдерін сататын онлайн-дүкендер кеңінен таралған.  

Мұндай сату арнасына заңмен тыйым салынған.

Көптеген сатушылар өз сайттарын жасайды, олардың көмегімен сатып алушыларды қандай салдарға әкеп соғатынын білмейді және олардың әрекеттерінің нәтижесінде зорлық-зомбылық әрекеттері орын алады.

Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң айналымы және олардың орнын ауыстыру шарттарын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 282-бабының 3-бөлігінде құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарларды тәркілей отырып, жеке тұлғаларға 50, кәсіпкерлік субъектілеріне 600 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарларды тәркілей отырып, жеке тұлғаларға 100, кәсіпкерлік субъектілеріне 800 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Бұл ретте, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 14-бабының 3-тармағына сәйкес алкоголь өнімін, алкогольдік ішімдіктерге еліктейтін өнімді жарнамалауға тыйым салынады.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Жарнама туралы заңнамасын бұзғаны үшін ӘҚБтК–нің 455-бабының 1-бөлігі бойынша жеке тұлғаларға - 60, лауазымды тұлғаларға-80, кәсіпкерлік субъектілеріне - 450 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Алкоголь өнімдерін (алкомаркеттер) сату кезінде шектеулер (оның ішінде онлайн сатулар) туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында прокуратура органдары мемлекеттік органдар, бизнес субъектілері, «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен барлық жерде кездесулер өткізді, онда қолданыстағы заңнамаға түсініктемелер берілді.

Бизнес субъектілеріне алкогольдік ішімдіктерді сатуға шектеулер, сондай-ақ заң талаптарын орындамағаны үшін заңда көзделген жауапкершілік жазылған жадынамалар таратылды. Өңірлерде әкімдіктер, полиция бөлімдері және «Атамекен» ҰКП арасында заңнама талаптарын қамтамасыз ету бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.

Тек ағымдағы жылдың сәуір айында 90-нан астам бірлескен рейд жүргізілді, соның нәтижесінде ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 54 адам тартылды, 14 лицензияның қолданылуы тоқтатылды, 7 адам лицензиядан айырылды, ӘҚБтК-нің 282-бабы 3-бөлігі бойынша -2, ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі бойынша-23.

Іс-шаралар жалғасуда.

Әрбір азамат табыс алу мақсатында өзінің заңсыз әрекеттерімен құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететінін және ол үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс екенін түсінуі қажет.

Ақмола облысының прокуратурасы