20 сәуірде жалпы аудандық экологиялық сенбілік өткізіледі

20 сәуірде жалпы аудандық экологиялық сенбілік өткізіледі

Құрметті Целиноград ауданының тұрғындары, кәсіпкерлері, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекеме қызметкерлері!

Құрметті жерлестер!

Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде.

20 сәуірде жалпы аудандық экологиялық сенбілік өткізіледі.

Сіздерді осы іс-шараға қатысуға және аулалар мен іргелес аумақтарды тазалауды ұйымдастыруға шақырамыз.

Шетте қалмаңыз! Ауданды абаттандыруға өз үлесімізді қосамыз! Тек бірге біз оны таза, жақсы күтімді және жайлы етеміз.