
2024 жылдың 6 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасының шығарылғанына 35 жыл толуына орай Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Өтеміс ауылының ЖОББМ»-де Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пән мұғалімдері арасында жолдастық кездесу волебол ойыны өтті.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау. Мектептер арасында достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.
Жолдастық кездесуге Қосшы қаласы, Целиноград 1, Целиноград 2, Қорғалжын, Аршалы, Астрахан, Ерейментау аудандарының командалары қатысты.
Нәтижесінде:
1-орын: Целиноград 2 командасы;
2-орын: Целиноград 1 командасы;
3-орын: Қорғалжын ауданының командасы жеңіп алды.
Сонымен қатар, Сыдах Бағдат, Қосшы қаласы N2 мектебінің мұғалімі «Үздік байланыстырушы» және Сайлауұлы Ерлік Төңкеріс ЖОББ мектебінен мұғалімі «Үздік шабуылшы» дипломдарымен марапатталды.
Ойын тартысты өтіп, барлық қатысушылар мен жеңімпаздар дипломдармен, кубокпен марапатталды.