Қызылшадан қалай сақтануға болады?

Қызылшадан қалай сақтануға болады?

Қызылша – инфекциялық жұқпалы ауру. Көбінесе балаларда кездеседі. Қызылшамен вакцина алмаған 5 жасқа дейінгі балалар мен 20 жастан асқандар жиі ауырады. Вирус ауа тамшылары арқылы сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауру адамның сілекейімен 20 м қашықтыққа дейін сыртқы ортаға тарайды. Төртінші күні көзі бөртіп ауырып жүрген адам инфекцияны таратушы көз деуге болады. Бесінші күннен бастап вирус адамға жұқпайды. Ауырып, жазылған адамда өмір бойы қызылшаға қарсы иммунитет сақталады. Кезінде қызылшамен ауырған әйелден туған бала үш айға дейін бұл ауруға шалдықпайды, өйткені оның бойында анасынан берілген вирустан қорғайтын ауруға қарсы денелер уақытша сақталады. Қызылшамен ауырмаған және оған қарсы вакцина егілмеген адамда кез келген жаста вирусты жұқтырып алуы мүмкін.

Аурудың негізгі белгілері: әлсіздік; дене қызуының көтерілуі; қабақтың ісінуі; бас ауруы; ұйқысыздық; жалпы мазасыздық; тамаққа тәбеті болмау; шырышты секрециясы бар күшті ринит; құрғақ жөтел; конъюктивит; 3-8 күнде денесіне бөртпе шыға бастау. Ауру белгілері байқалса, сау адамдарға жұқтырмас үшін қарым-қатынасты дереу тоқтату керек. Дәрігерлер аурумен қарым-қатынаста болған адамдарың бәрін 21 күн бойы тексереді. Мамандардың айтуынша, бұл дерттен өліп кету қаупі бар. Көбінесе вакцина алмаған адамдарда ауру ауыр өтеді. вакцина тұрақты иммунитет қалыптастыруға қауқарсыз екені анықталды. Оның себебін Қазақстандық ғалымдар да терең зерттеді. Қазіргі уақытта қызылшаға қарсы вакцина құрамында қызылша, қызамық және паротитке қарсы аралас вакциналар бар.

Осы үш түрлі инфекциядан сақтанудың жалғыз жолы – иммундау, яғни вакцина алу. Вирустың алдын алмаса пневмония, энцефалит ауруларына шалдығу қаупі бар. Сол үшін дер кезінде дәрігерге жүгіну керек. Ауырғандардың құлақ қуысы, мойын тұсы ауырады, көз ауруы барларда соқырлыққа дейін асқыну қаупі болуы мүмкін. Сондықтан учаскелік дәрігер ауруды жиі бақылап тұруға тиіс. Қызылшаны арнайы емдеу тәсілі жоқ. Науқастар төсекте жатып, сұйықтық көп ішуі керек. Дәрігер науқасқа қызу түсіретін, мұрын бітелуіне және тамақ ауруына қарсы дәрілер мен витаминдер тағайындайды. Ауруы асқынған науқастар ауруханаға жатқызылады.

Қызылшамен ауырмаудың ең тиімді әдісі – вакцина алу. Қазақстанда қызылша, қызамық және паротитке қарсы вакцина тегін.  Вирустың алдын алу үшін бөлмені жиі желдетіп, ылғалды тазалау жұмыстарын жасаған дұрыс. Науқас адамның үйіне, ауру өршіп тұрғанда адам көп жерлерге бармауға кеңес беріледі. Халық көп шоғырланған орындарда маска киіп жүрген жөн. Сондықтан аудан тұрғындарын вакцинация алудан бас тартпауды және осы кеңестерде күнделікте орындауға шақырамыз.