2024 жылдың 5-7 қаңтар айы аралығында, Біржан сал ауданы, Степняк қаласында «қазақ күрес» спорт түрінен 2009-2010 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында Ақмола облысының чемпионаты өтті.
Аталған жарыс Қазақстан Республикасының чемпионатына іріктеу жарысы. Целиноград БЖСМ спортшыларынан, 9 спортшымыз жолдама алды. Жарыстың нәтижесі бойынша:
38 кг 3-орын Бөлебай Ернар
42 кг 2-орын Каден Мұстафа
50 кг 2-орын Бахир Самғат
50 кг 3-орын Нұралы Бейбарыс
55 кг 1-орын Қамбар Амин
55 кг 2-орын Мамай Санжар
55 кг 3-орын Алпысов Мейрамбек
65 кг 2-орын Мұхтаров Мансур
60 кг 3-орын Зиябек Ерсін
70 кг 3-орын Танатхан Нұрбек
75 кг 3-орын Боранбай Нұрсаят.
Келесі іріктеу жарыс 10-12 қаңтар айы аралығында, Көкшетау қаласында, 2007-2008 ж.т. спортшылар арасында өтетін болады.
Алдағы додаларда спортшыларымызға сәттілік тілейміз! Жәнеде қазақ күресі бапкерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!