Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің құзыреттілік бойынша сұхбат қорытындысы

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің құзыреттілік бойынша сұхбат қорытындысы

Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында «Құзыреттерді бағалау» кезеңінің екінші блогы – Құзыреттілік бойынша сұхбаттан өткен тұлғалардың тізімі жарияланды.

Құзыреттілік бойынша жеке сұхбат 20-24 қараша аралығында кәсіби HR-сарапшылардың қатысуымен өтті. Ол кандидаттың құндылықтар бағдарын көрсететін құзыреттерін және ішкі ынта-жігерін анықтауға, сондай-ақ белгілі бір жағдайларда кандидаттың мінез-құлық үлгілерін болжауға бағытталды.

Құзіреттілік бойынша сұхбат нәтижелеріне сәйкес 3 және одан жоғары балл жинаған 150 үміткер іріктеудің келесі кезеңі – Сарапшылық комиссияда әңгімелесуге жіберілді.

Сарапшылық комиссияда әңгімелесу ағымдағы жылғы 1-8 желтоқсан аралығында офлайн форматта Мемлекеттік қызмет істері агенттігі базасында ұйымдастырылады. Жіберілген кандидаттар үшін әңгімелесуге тіркелу pkrezerv.gov.kz сайтындағы жеке кабинетте ағымдағы жылдың 30 қарашасы сағат 23:59-ға дейін қолжетімді болады. Оларға ұсынылған нұсқалардың ішінен әңгімелесу күні мен уақытын таңдау мүмкіндігі қарастырылған.

Аталған кезеңде кандидатқа тиісті саланы немесе қызмет бағытын дамыту бойынша өзінің көзқарасын таныстыруға уақыт, сондай-ақ Сарапшылық комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап беру мүмкіндігі беріледі.

 Сарапшылық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия отырысында қарауға ұсынылатын ең көбі 100 кандидаттың тізімі жасалады.

Іріктеу қорытындысы бойынша резервке 50 адам қабылданады.

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің «Құзыреттерді бағалау» кезеңінің қорытындылары туралы толығырақ ақпарат:

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің «Құзыреттерді бағалау» кезеңінің қорытындылары туралы ақпарат