БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ!

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ!

Балаларымыз - еліміздің болашағы, өміріміздің жалғасы, біздің ең қымбат адамдарымыз болғандықтан, оларды әр түрлі төтенше жағдайлардан қорғау әр кімнің міндеті болып табылады.

Балаларды оқыс оқиғалардан қорғаудың басты жолы - әрқашанда балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және осы ережелерді сақтамау салдары қандай болуы мүмкін екендігін айту болып табылады.

2023 жылы Целиноград ауданының аумағында отпен балалардың еркелігіне байланысты 2 өрт болды. Осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында, Целиноград ауданының төтенше жағдайлар бөлімі білім беру объектілерінде барлық жастағы оқушы балаларға қауіпсіздік ережелерін, оқыс оқиғаларға тап болғандағы іс-әрекеттерді түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Целиноград ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындарына тұрғын үйлерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төмендегідей қауіпсіздік ережелерін сақтауларын сұраймыз:

  • Үйде мектеп жасына дейінгі балалар болса, электр құралдарын, сымдарын балалардың қолы жетпейтіндей жерде орналастыру;
  • Электр құралдарын, әсіресе ұялы телефон зарядкасын тоққа қосулы қалдырмау, себебі кішкентай балалар аузына салып, тоққа түсуі мүмкін;
  • Кішкентай балаларды үйде жалғыз үлкендердің қарауынсыз қалдырмау;
  • Балаларға қауіпті электр құралдарымен, газ приборларымен жұмыс істеуге тыйым салу;
  • Кішкене балаларға сіреңке, от жағуға рұқсат бермеу;
  • Үйдегі жиһаздарды құламайтындай берік орнату;
  • Көп қабатты үйлерде балалардың терезеден құлауын болдырмау үшін, терезелерге балалар өздері аша алмайтын бөгдеулер орнатыңыз;
  • Балаларға үйден шыққанда, қайда кеткенін, кімге кеткенін және не үшін кеткенін ата-анаға ескерту керектігін балаларыңызға айтып отырсаңыздар.

Жоғарыда көрсетілгенқауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етілуіне үлкен үлес қоссасыздар!

Целиноград ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі