Аудан әкімінің Әділет органдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы

Аудан әкімінің Әділет органдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы

Құрметті әділет органдарының қызметкерлері!

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – әділет органдары қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Әділет органдары біздің азаматтарымыздың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, Қазақстан Республикасындағы заңнаманы жетілдіруде және заң жүйесін нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Әділдік идеялары мен Заң билігін жүзеге асыра отырып, сіздер конституциялық негіздерге қол сұғылмауын қамтамасыз етесіздер, қоғамның жоғары құқықтық мәдениетін қалыптастыруға үлес

қосасыздар. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіздің арқасында бүгінгі таңда заңнама жетілдіріліп, мемлекетіміз дамып, нығайып келеді.

Таңдаған салаларыңызға адалдықтарыңыз үшін әрқайсыңызға шын жүректен ризамын. Сіздердің шеберліктеріңіз, дағдыларыңыз және белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз алдағы уақытта да біздің Отанымызға қызмет ететініне сенімдімін.

Осы атаулы күні Сіздерге зор денсаулық, сәттілік және табыс, жақындарыңызға бейбітшілік, бақыт пен жақсылықтарды тілеймін!

Құрметпен, Целиноград ауданының әкімі Бахыдбек Оспанбеков