ТҰРАҚТЫ КЕЗДЕСУЛЕР: Целиноград ауданының әкімі Нұресіл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

ТҰРАҚТЫ КЕЗДЕСУЛЕР: Целиноград ауданының әкімі Нұресіл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Жаңа Жайнақ ауылының ауылдық мәдениет үйінде аудан әкімі Бахыдбек Оспанбековтың халықпен кездесуі өтті.

Халықпен кездесу «сұрақ-жауап» форматында өтті.

Нұресіл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуге аудан әкімі Бахыдбек Оспанбековпен бірге аудандық мәслихат төрайымы Ләзат Қонарбаева, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдердің, аумақтық ведомстволар мен қызметтердің, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының басшылары, мердігерлік ұйымдардың, «АЭҮК» АҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында аудан әкімі атқарылған және алдағы жұмыстарға тоқталып, кездесу барысында туындаған мәселелерге түсініктеме берді.

Нұресіл ауылдық округінің тұрғындары тарапынан денсаулық сақтау, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, көшелерді жарықтандыру, сумен жабдықтау және су сапасы, денсаулық сақтау объектілерін, спорт және ойын алаңдарын салу және басқа да көптеген өзекті мәселелер көтерілді.

Кездесуге қатысқан тұрғындардың жалпы саны – шамамен 40 адам.

Кездесу аяқталғаннан кейін аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады.