Аудан әкімінің медицина қызметкері күнімен құттықтауы

Аудан әкімінің медицина қызметкері күнімен құттықтауы

Құрметті медицина қызметкерлері, сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Халықпен біте қайнасқан қастерлі еңбек иесі - медицина қызметкері болу мәртебелі әрі жауапты мамандық. Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің күні ретінде кеңінен атап өтіледі. Бұл мереке дертке шипа, денге саулық сыйлайтын осы бір ардақты мамандық иелерінің еңбектері еленетін күн.

Сіздердің еңбектеріңіздің өлшемі – өмірмен қайта табысқан адамдардың тағдырымен байланысты. Дәрігер – адам жанының арашасы, жер бетіндегі сан алуан кәсіптің ішіндегі ең ізгі, ең қастерлі мамандықтың иесі. Ал оның иесі болу – үлкен мәртебе. «Тәні саудың – жаны сау» деген халқымызда дана сөз бар. Сондықтан бүгінгі таңда аурудың алдын алу біз үшін өте өзекті болып қала бермек. Келешек ұрпақтың жарқын болашағының кепілі болып табылатын денсаулық мәселесін жетілдіру – біздің негізгі парызымыз болып табылады.

Әрдайым адамзат баласы тағдырын сеніп тапсыратын мамандықтарыңызды абыроймен атқарып, халық сеніміне ие болып жүре беріңіздер.

Ардақты дәрігерлер!

Қымбатты сала мамандары!

Кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, қажырлы қызметтеріңізге табыс, отбастарыңызға бақ-береке тілеймін! Төгілген тер, танытқан төзімдеріңізге алғыс айтамын!

Саламатты ұлт қалыптастыру жолындағы еңбектеріңіз жанып, халықтың ыстық ықыласына бөлене беріңіздер! Еліміздің бүгіні баянды, ертеңі нұрлы, келешегі келбетті болсын!