№ 44813 ӘБ жас сарбаздары Отан алдында адал болуға ант қабылдады

№ 44813 ӘБ жас сарбаздары Отан алдында адал болуға ант қабылдады

Әрбір әскери қызметшінің өмірінде әскери ант қабылдау күні маңызды және ерекше орын алады. Әскери адам үшін әскери анттан жоғары және қасиетті деген ұғым жоқ. Ол өмірдің мағынасын, мазмұнын және мақсатын бейнелейді.

Целиноград ауданында № 44813 әскери бөлімінің саптық алаңында негізгі рәсімдердің бірі өтті - көктемгі әскерге шақырылушылар салтанатты түрде Отанға адал болуға ант қабылдады.

Сапта-Алматы, Түркістан, Қарағанды және Ақмола облыстарының жастары болды.

Әр түрлі аймақтардан жиналған 138 әскерге шақырылушылар, екі ай бойы оқу пунктінде жас жауынгер курсынан өтті.

Олар саптық, атыс, дене шынықтыру дайындығы бойынша дағдыларды игерді, жалпы әскери жарғылардың талаптарын зерделеді, сондай-ақ әскери бөлімнің тарихы мен дәстүрлерімен танысты.

Сенбі күні таңертең күн шуақты болды. Іс-шара дәстүр бойынша бөлімнің жауынгерлік туын алып, салтанатты түрде басталды, плацқа ант қабылдауға келген әскери қызметшілер сап түзеді, бөлімше командирлері дайындық туралы баяндады. Баяндамадан кейін бөлім командирі, полковник Берік Молдақұлов оқу ротасының командиріне жас сарбаздардан әскери ант қабылдауды тапсырды.

Қадамды соғып, бригада командирлерінің бұйрығымен әскерге шақырылушылар командирлерге қару-жарағын асынып жақындады, әскери ант қабылдау үшін келгендері туралы баяндады, содан кейін сапқа бет бұрып, Отанына адалдық туралы әскери анттың салтанатты сөздерін айтты.

- Мен, Қазақстан Республикасының азаматы, Қарулы Күштердің қатарына кіре отырып ант қабылдаймын және Қазақстан халқы мен оның заңды сайланған Президентіне ақтық демім қалғанша адал болуға, өзімнің егемен мемлекетімнің Конституциясы мен зандарын қастерлеп сақтауға салтанатты түрде ант етемін.

Жас сарбаздарға бөлім командирі полковник Берік Молдақұлов, Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының орынбасары, әділет полковнигі Тілекжан Сәткен, Целиноград ауданының әкімі Бахыдбек Оспанбеков, Целиноград ауданының «Ауғанстандағы мүгедектер және соғыс ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Зейнулла Аппасов жылы лебіздерін білдірді.

Салтанатты рәсімге Целиноград ауданының прокуроры Дәурен Базарбаев, ауылдық округ әкімі Жанат Дүйсекеев, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері және интернационалист-жауынгерлер қатысты

Айнагүл Сүндеткалиева мен Гүлзейнеп Молдабекова әскерге шақырылушылардың ата-аналарының атынан қош келдіңіздер және ерекше қызмет тілектерімен жылы лебіздерін білдіріп, құрметке лайықты қызмет етіп, үйлерінде оларды жақсы көретініне және күтіп тұрғанына сенулерін тіледі.

Әскери ант қабылдаған әскери қызметшілердің атынан Қамбар Мәмбетжанов пен Евгений Пашков сөз сөйледі.

Құттықтаулардан кейін Жас гвардияшылар әскери оркестрдің үнімен қадам соғып, елдің түкпір-түкпірінен ант қабылдауға келген командирлері мен ата-аналарының алдынан өтті.

Іс-шараның ресми бөлігін аяқтағаннан кейін қолбасшылық туыстары мен жақындарына әскери қызметшілермен кездесуге және әскери бөлімнің тұрмысымен танысуға, командалық құрамға сұрақтар қоюға мүмкіндік берді.

Отанына адал болуға ант берген жауынгерлерге де өз әскери борышын лайықты орындауын тілейміз.