"Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу"

"Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу"

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары): 1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы:

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу;

Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажет болған кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу.

2) портал арқылы:

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу; Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері:

1. Салық кодексінің 612-бабына сәйкес азаматтық хал актілерін тіркегені үшін мемлекеттік баж ставкалары: неке қиюды тіркегені үшін - 1 (бір) АЕК құрайды;

2. неке қию ( ерлі – зайыптылық) туралы актінің жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін-0,5 АЕК.

Неке (ерлі-зайыптылық) заңнамада белгіленген жасын төмендету қажет болған жағдайда қосымша ұсынылады:

1) Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш;

2) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін растайтын құжаттар: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы немесе ортақ баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;

3) неке (ерлі-зайыптылық) жасына жетпеген некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімі;

4) заңды өкілдердің өкілеттігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер.

Алдыңғы некелер (ерлі-зайыптылық) болған кезде деректерді тексеру үшін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы мәліметтер беріледі.