Полиция департаментінің бастығы ақмолалықтардың өзекті сұрақтарына жауап беріп, құқық қорғау органының жұмысы туралы есеп берді

Полиция департаментінің бастығы ақмолалықтардың өзекті сұрақтарына жауап беріп, құқық қорғау органының жұмысы туралы есеп берді

31 наурызда полиция департаментінің бастығы Думан Таевтың халықпен есеп беру кездесуі өтті.

Биылғы жылы полицейлер дәстүрлі іс – шараны екі интернет – платформада онлайн-форматта өткізді: ведомствоның Instagram желісіндегі ресми аккаунтында, трансляцияны 34 000-нан астам жазылушы және бірінші басшының жеке "faсebook" әлеуметтік желісіндегі парақшасында көре алды. Нақты уақыт режимі  ұйымдастырушыларға қатысушылардың барынша көп санын қамтуға мүмкіндік берді, ал өңірдің барлық дерлік елді мекендерінің тұрғындары бірдей қолжетімділікке ие болды.

Ең алдымен, басшы азаматтарды Ақмола өңірінің аумағындағы жедел ахуалдың жай-күйі және оны тұрақтандыру бойынша полиция қабылдап жатқан шаралар туралы хабардар етті.  Статистикалық мәліметтер ретінде өткен жылғы мәліметтер келтірілді.

Думан Таев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ішкі істер органдарының қызметі жұмыстың жаңа форматына бағытталғанын атап өтті: полиция жұмыстың сервистік моделіне көшуде, дебюрократизация, оңтайландыру және цифрландыру процестері күнделікті қызметке белсенді енгізілуде.

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыра отырып, департамент халықпен кері байланысқа ерекше назар аударады. Өткен жылы Д.Ә.Таев 278 азаматты жеке қабылдады, 29 қабылдау өткізді, оның ішінде Zoom платформасының көмегімен және "Amanat" партиясының алаңында. Өңірлердің тұрғындарына ыңғайлы болу үшін облыстың барлық аудандарында 18 қабылдау ұйымдастырылды.

Полицейлер қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті. Атап айтқанда, қабылданған жедел және алдын алу шараларымен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар санын 14,8% – ға, көшелерде 21,1% - ға, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 13,2% - ға, бұрын қылмыс жасаған адамдар 20,8% - ға және алкогольдік масаң күйде жасалған қылмыстарды 9,4% - ға төмендетуге қол жеткізілді.

Құқық қорғау органдары мүліктік қылмыстарды (алаяқтық, тонау, пәтер ұрлығы, ұялы телефон ұрлығы, мал ұрлығы фактілері) және жеке адамға қарсы қылмыстарды (кісі өлтіру, зорлау және бұзақылық) тіркеудің төмендегенін атап өтті.

Жедел жағдай туралы айта отырып, Думан Таев халықтың назарын интернет - алаяқтық сияқты қылмыстардың өсуіне аударды. Ең көп таралған қылмыстардың ішінде бұл алаяқтық, әсіресе интернет – ресурстар, онлайн – несиелеу және әртүрлі мобильді қосымшалар арқылы жасалған қылмыстар "жетекші" позицияны иеленген.

Егер қаскөйлер өздерінің қылмыстық схемаларын үнемі жетілдіріп отырса, полицейлер де олармен күресудің жаңа әдістерін енгізуде.  Қылмыстың осы санатын ашу жұмыстарына және одан да маңыздысы алдын алу жұмыстарына бірінші басшы ерекше назар аударды.

Айта кету керек, Департамент бастығы халыққа құқық қорғау органдарының барлық жұмыс бағыттары туралы айтып берді, бұл есірткі қылмысына, әсіресе синтетикалық есірткіге қарсы іс-қимыл, жасөспірімдер қылмысының алдын алу, жолдардағы апат деңгейін төмендету, мал ұрлығының алдын алу, көші-қон процестері.   

Халықты өңірдегі жедел жағдаймен таныстыра отырып, Думан Таев нақты уақыт режимінде есептік кездесуге дайындық кезінде және тікелей эфирде түскен азаматтардың сұрақтарына жауап берді.  Келіп түскен сұрақтарды талдай отырып, ақмолалықтардың ең жоғары азаматтық ұстанымын көріп, іс-шараға белсенді қатысқанын атап өтуге болады.

Мәселен, бірден бірнеше қала тұрғындарын шетелдік автокөліктерді заңдастыру мәселелері қызықтарды.  Естеріңізге сала кетсек, еліміздегі ауқымды акция осы жылдың қаңтар айында басталып, 1 шілдеге дейін жалғасады. Думан Таев Акция басталғаннан бері Ақмола өңірінде 2 230 көлік құралы тіркелгенін, бұл ретте егер өтініш білдірушілер тіркеу кезінде проблемаларға тап болса, олар әкімшілік полиция басқармасына тікелей жүгіне алатынын, ал полицейлер әрбір мәселе бойынша жеке-жеке тоқталатынын хабарлады.  

Азаматтармен диалог барысында лицензиялық – рұқсат беру жүйесі, көші – қон қызметі, интернет-алаяқтықтың алдын алу, тыныштықты бұзу және дәріханалық нашақорлықтың таралуы бойынша мәселелер айтылды.   Осы мәселелердің барлығы, кейінірек Думан Таев атап өткендей, бүгінде полиция қызметкерлері үшін де басым мәселелердің қатарында.  

Есептік кездесуге дайындық аясында Instagram қолданушылары өз сұрақтары мен пікірлерін Департаменттің ресми парақшасында ғана емес, басқа да пабликтерде қалдыра алды, "sinegor.kz"-те. Мәселен, "paintball_club_legion_" лақап атты Көкшетаудың тұрғыны полицейлер жол желісінің жай-күйіне жауапты лауазымды тұлғаларды жауапқа тарта ма деген сұрақ қойды. 

Думан Таевтың айтуынша, биыл жол-техникалық инспекция қызметкерлері автожолдар мен ТЖ өткелдеріне 519 тексеру жүргізіп, барлығы бойынша кемшіліктерді жою нұсқамалары жолданды.  Ағымдағы жылдың басынан бастап автомобиль жолдары мен ТЖ өткелдерін тиісінше ұстамағаны үшін 71 лауазымды тұлға, 15 ауылдық округ әкімі, 7 аудандық ТКШ басшысы және облыстың елді мекендерінің көше-жол желісіне қызмет көрсететін басқа да мердігерлік ұйымдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нұсқамаларды орындамағаны үшін 5 лауазымды тұлға жауапқа тартылды (2 әкім, оның ішінде: 1 қала әкімі және 1 ауыл әкімі, 2 ЖШС директоры және 1 аудандық автомобиль жолдары бөлімінің басшысы).

Онлайн-диалог форматы азаматтарға қылмыстық істерді тергеуге қатысты ең өзекті сұрақтар қоюға мүмкіндік берді.  Бірінші басшы айтылған қылмыстық істер бойынша мұқият және объективті тергеу жүргізілетініне, ал азаматтар кездесуге жазыла отырып, оған қойылған сұрақтарды жеке өздері қоя алатынына сендірді.

Айта кету керек, кездесу қорытындысы бойынша бірде-бір сұрақ немесе өтініш жауапсыз қалмайды, жақын арада барлық өтініш берушілерге түсініктеме беріледі. Бір жарым сағат ішінде бірінші басшы полиция қызметінің әртүрлі салаларына қатысты 30-дан астам сұраққа жеке өзі жауап берді.

Айта кетейік, ақмолалықтар полицейлердің бастамасын ынта – жігермен қабылдады, бұған интернет қолданушылары қалдырған оң пікірлер мен сұрақтар дәлел бола алады. Азаматтар құқық қорғау органдарының қолжетімділігін, жеделдігі мен ұтқырлығын, сондай-ақ нақты уақыт режимінде толғандыратын мәселелер бойынша түсініктеме алу мүмкіндігін атап өтті.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары ақмолалықтарға белсенді ұстанымы және онлайн кездесуге қатысқаны үшін алғыс білдіреді.