"Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" акциясы: Ақмола полицейлері облыстың жалпы білім беру мекемелерінде жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша сабақтар өткізуде

"Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" акциясы: Ақмола полицейлері облыстың жалпы білім беру мекемелерінде жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша сабақтар өткізуде

Балалардың жол-көлік жарақатын азайту мақсатында 27 наурыз бен 10 сәуір аралығында полиция департаменті "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" акциясын өткізуде.

Акция аясында облыстың барлық мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелерінде Ақмола полицейлері ЖҚЕ сақтау және балаларды тасымалдау ережелері бойынша сабақтар, дәрістер, ата-аналар жиналыстарын өткізуде. 

Ағымдағы жылдың 30 наурызында №6 жалпы білім беретін мектепте тәртіп сақшылары оқушыларды жол қозғалысы ережелерімен таныстырып қана қоймай, оқушылармен жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша практикалық сабақтар өткізді, сондай-ақ жүргізушілер мен ата-аналардың назарын балалардың жарақаттануы, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелеріне аударды. Іс-шараға жол қозғалысының жас инспекторлары белсенді қатысты. Жас қозғалыс инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері бастауыш сынып оқушыларына жаяу жүргіншілерге қатысты ЖҚЕ талаптарын түсіндірді.

Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полковник Аслан Қызбикенов бастауыш сынып оқушыларымен ЖҚЕ бойынша жеке өзі сабақ өткізді, сонымен қатар балалар жол қозғалысы ережелерін білуге арналған викторинаға белсенді қатысты.

Соңында полицейлер балаларға жолдағы жүріс-тұрыс ережелері туралы жадынамалар, жеңімпаздарға сыйлықтар, басқа оқушыларға тәттілер табыс етті.