Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруды бақылауды күшейту, олардың қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында Ақмола облысының аумағында ағымдағы жылдың 14-16 наурызы аралығында "Заңсыз такси" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Үш күн ішінде облыс бойынша Ақмола полицейлері 548 жол ережесінің бұзушылықтарын анықтады. Жолаушыларды заңсыз тасымалдағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша 87 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Арнайы тұрақтарға 18 автомашина қамауға алынды, 20-дан астам көлік құралынан мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынды. Бұзушылықтардың ең көп саны-131-қауіпсіздік белдіктерін пайдаланумен байланысты. Көлік құралдарының 30 жүргізушісі лицензиялау нормаларын бұзғаны үшін, тағы 30 жүргізушісі мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудың жоқтығы үшін жауапқа тартылды, 2 жүргізуші рейс алдындағы техникалық және медициналық тексеруден өтпеді. Көлікті басқару кезінде 50-ден астам азамат телефонды пайдаланды.
ЖПІШ жүргізу барысында тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтаудың 5 фактісі анықталды. 19 жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігіне сәйкес балаларды ұстап тұратын құрылғыларсыз тасымалдағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 27 азамат жауапқа тартылды. Көлік жүргізу куәліктері жоқ адамдардың көлік құралдарын басқарудың 11 фактісі, сондай–ақ куәліктерінен айырылған адамдардың 2 фактісі анықталды.
Ақкөл қаласында такси фирмаларының бірінің жүргізушісі каннабиноидтарды қолданудан туындаған есірткілік мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін жауапқа тартылды. Көлікте жолаушылар болған жоқ, жүргізуші шақыруға бара жатқан. Құжаттарды тексеру кезінде Ақкөл ауданының 44 жастағы тұрғынының жолаушыларды тасымалдауға рұқсаты мен құжаттары болмағаны анықталды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі және 463-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Автокөлік арнайы автотұраққа қамалды.