Парламент Мәжілісі сайлауына қатысатын 7 саяси партия өкілдері арасында пікірсайыс басталды. Пікірсайыс КТК телеарнасының тікелей эфирінде өтуде.
Пікірсайысқа «Amanat» партиясынан Айдос Сарым, «Ауыл» халықтық демократиялық партиясынан Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясынан Динара Шүкіжанова, Қазақстан халық партиясынан Ермұхамет Ертісбаев, «Байтақ» жасылдар партиясынан Айнұр Сәбитова, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Дәния Еспаева, ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Асхат Рахымжанов қатысуда.
Айта кетерлігі, бұған дейін 7 саяси партия өкілдерінің арасындағы пікірсайыс Qazaqstan ұлттық телеарнасының эфирінде өткен болатын.
Естеріңізге сала кетейік, 19 наурызда Қазақстанда кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау өтеді.