«Білім-инновация» лицейі жатақханасының тұсаукесері Көкшетауда өтті

«Білім-инновация» лицейі жатақханасының тұсаукесері Көкшетауда өтті

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының өкілдерімен кездесіп, Щучинск қаласындағы «Білім-инновация» IT мектеп-лицейінде 300 орындық жатақхана құрылысының бірлескен жобасын талқылады.

Кездесуді аша отырып, өңір басшысы білім беру саясатының бірінші кезектегі міндеті дарынды балаларды қолдау екенін атап өтті.  

«Бүгінгі таңда екі мектепте 700-ге жуық оқушы оқиды. Олардың ішінде жыл сайын көптеген халықаралық, республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері болатынын атап өткім келеді. Сонымен қатар, өткен оқу жылының қорытындысы бойынша Көкшетау қаласының «Білім-инновация» лицей-интернаты КММ (30 орын) ҚР үздік 100 мектебінің рейтингіне енді», - деп атап өтті Е.Маржықпаев.

Сондай-ақ, облыс орталығында мектеп салу мәселесі қаралды.

Айта кетейік, «Білім-инновация» лицей-интернаты КММ облыс орталығында 1992 жылдан бастап жұмыс істей бастады. 30 жыл ішінде 900-ден астам түлек бітірді. 2021 жылдан бастап Щучинск қаласының №11 it мектеп-лицейі КММ «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының басқаруына берілді. Білім беру үдерісіне еліміздің түкпір-түкпірінен ағылшын тілінде сабақ беретін 32 оқытушы тартылды.