2023 жылдың 15 ақпанында осы еске алу оқиғасының 34 жылдығы атап өтіледі. Бұл күні ел жер шарының түрлі аудандарында «ыстық нүктелерден» өткен «ауғандықтарға» және басқа да соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетеді.
Целиноград ауданында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 34 жыл және жауынгер-интернационалистерді еске алу күніне арналған «Біз есте сақтаған кезде - өмір сүреміз» атты салтанатты іс-шара өтті
Аудан әкімі Бахыдбек Оспанбеков құттықтау сөзінде:
- Құрметті Ауған соғыс ардагерлері! Сіздердің әр кезде де алдыңғы қатарда жүріп, туған Қазақстанымызда бейбітшілік пен достықты, татулықты орнықтырып, өскелең ұрпаққа тәрбие беруге өлшеусіз үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін біз алғысымымызды білдіреміз. Мен сіздерді айтулы мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілеймін!,- деп айта кетті.
Салтанатты шара барысында Ауған соғысының ардагерлері «Парыс» орденімен және алғыс хаттармен марапатталды.
Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие бергені үшін бірқатар мамандар «АУЫЛ – ЕҢБЕГІ ҮШІН» төсбелгісімен, бірқатар алғашқы әскери дайындық мұғалімдерімен, сондай-ақ әскери-патриоттық клубтармен алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шара қатысушылар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Ауғанстанға қызметке шақырылған біздің 43 жерлесіміздің үшеуі үйлеріне оралмады. Олар: Шайкенов Ағзам Тойбатырұлы, Ульянов Владимир Геннадьевич, Тоқмағанбетов Мақсотбек Жақаншаұлы.
Іс-шара аудандық мәдениет үйі әртістері мен «Родина» вокалдық-аспаптық ансамблінің орындауындағы музыкалық нөмірлермен жалғасты.
Ауған соғысы арқылы жарты миллионнан астам кеңес солдаттары мен офицерлері өтті, олардың ішінде 22 290 қазақстандық батырлық пен Отанға адал қызмет етудің үлгісі болды. Олардың 926-сы ұрыс даласында ерлікпен қаза тапты, 21 адам әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кеткен деп саналады.
9 215 Қазақстандық тәжік-ауған оқиғаларына қатысты. Олардың 43-і ерлікпен қаза тапты. Ангола, Куба, Венгрия және Египеттегі шайқастарға 600-ден астам адам қатысты.
Уақыттың өз жады-тарихы бар. Сондықтан әлем әр түрлі дәуірлерде планетаны дүр сілкіндірген трагедияларды, соның ішінде миллиондаған адамның өмірін қиған, адам жасаған ұлы құндылықтарды жойған қатыгез соғыстарды ешқашан ұмытпайды. Алыс Ауған соғысы туралы естелік әлі де әркімнің есінде, бұл оқиғаны жылдар да, қашықтық та өшіре алмайды!