Президенттік жастар кадр резерві өкілдерімен кездесу өтті

Президенттік жастар кадр резерві өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, «Самұрық-Қазына» АҚ дамыту және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Ернар Жаңаділ, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Аркен Өтенов және «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Аманбаев қатысты.

Іс-шара Ұлттық экономика министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып, оның барысында ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы талқыланды. Кездесуге қатысушылар Қазақстанның өңірлік дамуына қатысты пікір алмасып, өз ұсыныстарымен бөлісті.

Атап өту керек, былтыр Агенттікпен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ПЖКР офисі ашылып, онда резерв өкілдерінің кездесіп, пікір алмасуға және жаңа жобаларды талқылауына мүмкіндіктер жасалған.

Бүгінгі күні Президенттік жастар кадр резервінен 260 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде орталық мемлекеттік органдарға – 131 резервші, жергілікті атқарушы органдарға – 39, ұлттық компанияларға – 49, өзге де және жеке ұйымдарға – 41.