Қорғаныс министрлігінің өкілдері әскери қызметшілер жеңілдетілген білім алу аясында қандай мамандықтар бойынша білім ала алатыны туралы айтып берді

Қорғаныс министрлігінің өкілдері әскери қызметшілер жеңілдетілген білім алу аясында қандай мамандықтар бойынша білім ала алатыны туралы айтып берді

Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қазіргі уақытта ЖОО-лар келесі оқу жылында қабылдау жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларын қалыптастырып жатқанын атап өтті.

«Бұл тізім еңбек нарығының қажеттіліктеріне қарай жасалады. Ол Еңбек министрлігінің талдауы мен мониторингі негізінде әзірленеді. ЖОО-лар білім беру бағдарламаларының тізбесін қалыптастырғаннан кейін біз жоғары нәтиже көрсеткен мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар үшін олардың қайсысы бойынша 100% жеңілдік берілетінін талқылайтын боламыз», - деп нақтылады спикер.