Әскери қызметшілерді жеңілдікпен білім алуға іріктеудің ашықтылығы үшін «Срочники 2.0» цифрлық платформасы әзірленді

Әскери қызметшілерді жеңілдікпен білім алуға іріктеудің ашықтылығы үшін «Срочники 2.0» цифрлық платформасы әзірленді

Тегін білім алуға үміткерлерді іріктеу әскери қызметшінің бағалау көрсеткіштеріне сәйкес жауынгерлік даярлық бағдарламасын меңгеру деңгейі, жеке тәртіптілігі, тәуліктік наряд өткеру кезінде арнайы міндеттерді толық орындау, психологиялық жай-күйін бағалау сияқты критерийлер бойынша жүргізіледі. Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында іріктеу тетігі туралы айтып берді.

«Жауынгерлік даярлықтың негізгі пәндері: мемлекеттік-құқықтық, тактикалық, барлау, атыс, техникалық, инженерлік, дене шынықтыру, әскери-медициналық, дене шынықтыру даярлығы, көлік жүргізу, радио және химия-биологиялық қорғау саласында, байланыс бойынша даярлық, жалпы әскери жарғылар болып табылады. Дайындықтың осы түрлері физикалық күшті ғана емес, сонымен қатар интеллектуалды күшті де қажет етеді. Сондықтан әскери қызметшілер жоғары нәтиже көрсеткенде, бұл олардың жоғары деңгейі мен жоғары оқу орындарында одан әрі білім алуға дайын екендігін көрсетеді», - деді спикер. 


Қорғаныс министрі кеңесшісінің айтуынша, ай сайын жауынгерлік даярлықтың барлық пәні бойынша әскери қызметшінің ағымдағы бағаларының рейтингі шығарылады. Әскери бөлімдер мен мекемелердің командирлері мерзімді қызметтің әскери қызметшісіне ай сайын жеке рейтинг жасайды. Рейтинг жалпыға қолжетімді бөлімше орналасқан жерде жинақтау жүйесі бойынша ілінеді.

«Әр сарбаз мамандықты және оқуға түскісі келетін үш университетті таңдайды. Іріктеудің ыңғайлылығы мен ашықтығы үшін ЖОО есебінен білім алу үшін мерзімді қызметтің әскери қызметшілері арасында конкурстық іріктеу өткізу бойынша «Срочники 2.0» цифрлық платформасы іске қосылды. Бұл жүйеде мерзімді әскери қызметшілердің барлық бағалары көрсетіледі. Оны өзгертуге немесе жоюға мүмкіндік жоқ. Жүйе автоматты түрде жоғары оқу орындарына таратылады», - деді спикер.


Сонымен қатар орындарды бөлу үшін комиссия құрылады. Оның отырысы жылына екі рет өткізіледі. Рейтинг нәтижелерімен келіспегендер аппеляцияға бере алады.