22-24 желтоқсан аралығында Екібастұз қаласында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған 2006-2007 ж.т., 2008-2010 ж. т., 2011 ж. т. және одан кіші жасөспірімдер арасында еркін күрестен RWP Championship лигасының ашық турнирі өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша спортшылар келесі нәтижелерді көрсетті:
Нұрланұлы Мүслім 45 кг салмақ дәрежесінде, Орынбек Нұрмахан 60 кг салмақ дәрежесінде алтын алды.
Күміс медальдар - Жолшыбаев Рамазан және Қадырбаев Мирас 48 кг салмақ дәрежесінде.
Қола медаль - Ауесханов Арнұр 92 кг салмақ дәрежесінде.
Бапкер Берік Дәулетұлы Ахтановты, жарыс чемпиондары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз.