Мәлік Мырзалин Ақмола облысының активіне тағайындалған облыс әкімін таныстырды

Мәлік Мырзалин Ақмола облысының активіне тағайындалған облыс әкімін таныстырды

Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ақмола облысының активіне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен тағайындалған облыс әкімі Ермек Маржықпаевты таныстырды.

М. Мырзалин Ермек Маржықпаевтың зор тәжірибесі мен білімі бар екенін және өңірді одан әрі дамыту үшін өз үлесін қосатынын атап өтті.

"Өңір алдында жаңа өндірістер құру, шағын және орта бизнес үшін жағдайлар жасау, инвестициялар тарту, тұрғын үй, әлеуметтік, инфрақұрылымды жақсарту міндеті тұр. Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін іске асыру облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді және тұрғындар үшін тұрудың жайлылық деңгейін арттырады. Сіз Президенттің сенімін ақтайтыныңызға сенімдімін", - деді М.Мырзалин.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі