Кредиторлардың алдау әрекеттерін болдырмау үшін қаржылық мониторингті енгізу жоспарланған

Кредиторлардың алдау әрекеттерін болдырмау үшін қаржылық мониторингті енгізу жоспарланған

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы бойынша, егер борышкер банкрот деп танылса, онда 5 жыл ішінде банк оған несие беруден бас тартады. 5 жыл өткеннен кейін, егер ол қайтадан несие алып, төлемді тағы да кешіктірсе, бірінші күннен бастап 7 жыл өткеннен кейін ғана қайта банкроттық көзделеді. Яғни, несие алу үшін тағы 2 жыл ойлануға тура келеді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов мәлімдеді.

«Бұдан басқа, қаржылық мониторинг рәсімі де көзделуде. Бұл борышкердің қаржылық жағдайын бақылау процедурасы. Корпоративтік банкроттық аяқталғаннан кейін осы банкроттыққа ұшыраған кәсіпорындардың басшылары бұрын осы компаниялардан шығарылған әртүрлі мүлікті өз атына рәсімдей бастайтын жағдайлар сирек емес. Бұл қасақана банкроттықтың белгісі, бұл –несие берушілердің алдау әрекеті. Сондықтан қаржылық бақылаудың бұл құралы несие берушілерді алдау әрекеттерін болдырмау үшін қолданылады. 7 жыл - бұл әлемдік тәжірибе. Кейбір елдерде қайта банкроттықты 10 жылға дейін жүзеге асыру мүмкін емес. Яғни, борышкерлерді жағдайдың қайталануынан сақтауға тырысады», - деп атап өтті спикер.


Сондай-ақ ол, егер сот шешімі болса, банкроттық қарастырылмайтынын түсіндірді. Мысалы, алимент өндіріп алу немесе жеке тұлғаның немесе мемлекеттің пайдасына материалдық залалды өтеу туралы.