Экономикалық шоғырлануға келісім беру мемлекеттік қызметі e-license.kz порталында қолжетімді

Экономикалық шоғырлануға келісім беру мемлекеттік қызметі e-license.kz порталында қолжетімді

Енді e-license.kz порталында «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтініштерді қарау» қызметі онлайн форматта қолжетімді.

Қағазбастылықты болдырмау және экономикалық шоғырлану бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – БҚДА) бірлее отырып, «Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтініштерді қарау» мемлекеттік қызметін автоматтандырды. Көрсетілетін қызметті алушы elicense.kz. порталында қызметтің қажетті кіші түрін таңдай отырып, онлайн электрондық өтініш жібере алады. Бұрын бұл қызмет тек қағаз нұсқасын ұсыну кезінде ғана қаралған болатын.

Қызмет экономикалық шоғырлануды жасаған немесе жасауға ниет білдірген жеке кәсіпкерлерге, жеке және заңды тұлғаларға арналған.

Жыл басынан бері БҚДА тарапына қарауға 75 өтініш келіп түсіп,  43 өтініш беруші келісім алған.

Қызмет 3 кіші түрге бөлінеді, онлайн өтінішті https://elicense.kz/ сілтеме арқылы беруге болады.

Экономикалық шоғырлану-жүзеге асырылуы бәсекелестіктің жай-күйіне әсер ететін мәмілелер, өзге де әрекеттер.