Педагогтерді даярлау тиімділігін арттыру мақсатында педагогикалық ЖОО-ларды аккредиттеу стандарты әзірленіп жатыр

Педагогтерді даярлау тиімділігін арттыру мақсатында педагогикалық ЖОО-ларды аккредиттеу стандарты әзірленіп жатыр

Болашақ педагогтарды шығаратын педагогикалық және басқа да жоғары оқу орындарын аккредиттеу стандартын дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру үшін қажет. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

«Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарын аккредиттеу нақты талаптар бойынша жүргізіледі. Педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредиттеудің әзірленген стандарты одан әрі болашақ педагогтарды даярлау жүзеге асырылатын жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді жүргізу кезінде пайдаланылады. Сондай-ақ «Педагог» кәсіби стандартын дайындау бойынша жұмыс жүргізілді. Ол танысу үшін порталда жарияланды, талқылау жүріп жатыр. Бұл кәсіби стандартты қабылдамас бұрын біз барлық облыстарда, педагогикалық университеттерде талқылау жүргіземіз. Талқылау  аяқталғаннан кейін ғана кәсіби стандарт қабылданады» - деді ведомство басшысы.