Жаратылыстану бағытындағы пәндерге басымдық беріледі

Жаратылыстану бағытындағы пәндерге басымдық беріледі

Президент Жолдауда жаратылыстану бағыты бойынша пәндерге көңіл аударып, олардың тиімділігін арттыруды тапсырды. Оның аясында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

«Жұмыстар негізгі екі бағыт бойынша атқарылады – сапасы және мазмұны бойынша. Яғни, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ, оқу бағдарламаларын жаңарту. Одан бөлек, сағат мәселесі бар. Осы мақсатта жаратылыстану пәні сағаттарын 10-11 сыныптарда көбейту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ағылшын тіліне баса назар аударылады. Жоспарымызға сәйкес, 2024 жылдан бастап 3-сыныпта ағылшын тілін оқыту сағаттарының санын ұлғайту көзделген. Бұл халықаралық талаптарға сай болады. Сондай-ақ 10-11 сыныптарда 5 күндік форматта оқитын балаларда ағылшын тілі күнде оқытылады. Бұл да балалардың ағылшын тілін меңгеруіне септігін тигізеді», - деді Аймағамбетов.